Сыныптан тыс жұмыс технологиясы

«Сыныптан тыс жұмыс технологиясы» педагогикалық практикасының қорытынды есебі.
2024 жылдың 27 мамырында ШК-22-9 тобының ұйымдастыруымен «Сыныптан тыс жұмыс технологиясы» педагогикалық практикасының қорытынды есебі өтті. Қорытынды конференцияда «Ә.Бөкейханов атындағы 15 мектеп лицейі» (Жетекшісі: Э.И.Қалкенова) және «Абай атындағы 2 мектеп лицейінде» (Б.К.Жахметова) педагогикалық тәжірибеден өткен студенттер атқарылған жұмыстарымен таныстырды.
Жалпы ғылыми, мәдениеттілік, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерін тереңдету және теориялық білім негізінде педагогикалық дағды мен құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында педагогикалық практикадан жоғары дәрежеде өтті. Педагогикалық тәжірибенің ұзақтығы және олардың саны тиісті мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттармен айқындалған. Тәжірибе жұмысында белсенділік танытып, құжаттарды стандартқа сай толтырып және бастауыш мұғалімдерінен сабаққа қажетті жеке әдістерді үйреніп, тәжірибе жинады.
Топ жетекшісі: Г.Е.Дукенбаева.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *