«Түсті металдар металлургиясы» мамандығының студенттері арасында ғылыми практикалық конференция өтті

2022 жылдың 20 ақпанынан 22 ақпан аралығында  «Техникалық пән әдістемелік бірлестігінің» әдістемелік үшкүндігі (ТРИАДА) аясында   металлургия мамандығы бойынша оқитын студенттер арасында ғылыми-практикалық конференция өтті. Пән әдістемелік бірлестігінің металлургия мамандығының оқытушылары Махатова К.Д., Б.Ш.Жумартов пен Г.Р.Абильдинаның  ұйымдастыруымен түсті металдар металлургиясы бойынша ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияның басталуын Б.Ш.Жумартов металдардың шығу тегі мен оның қолданыстағы қажеттіліктерінің негізі бойынша баяндамасы балалар үшін өте қызықты,өте тартымды болды.  Ғылыми-тәжірибелік конференцияға МЕТ-20-9 және МЕТ-21-9 топтарының  студенттері жұмыстарын қорғап, ТТ-21-9, ОП-20-9, ОП-21-9 топтарының студенттері белсене қатысты.  

Металлургия мамандығының студенттерінің баяндамалары толығымен тындалып, сарапталып конференция соңында барлық қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар берілді.

Хали А.Қ.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *