Тарих пен құқық – мәдениеттің тірегі!»атты интеллектуалдық ойыны.

                  Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы — техникалық колледжінде 21 желтоқсан күні «Саналы ұрпақ» клубының ұйымдастыруымен, «Тарих пен құқық – мәдениеттің тірегі!», тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізілді. Оқушылардың құқықтық білімдерін дамыту, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айта алу мақсатында «Есім ханның — Ескі жолын», «Қасым ханның қасқа жолын», «Тәуке ханның жеті жарғысын» дәріптейтін Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке билеріміз туралы ақпарат айтылды.
                Шарада оқушылар «Өз құқығыңды білесің бе?» атты қысқа метражды фильмді тамашалап, «Біліп жүрейік!», «Ой жалғау», «Кім тапқыр» ойындарына қатысып, білімдерін толықтырды.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *