«Тарихи тұлғаға тағзым»

25.04.2025ж Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде Біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес, Оқу сауаттылығы апталығы аясында, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің туғанына 85 жыл толуына арналған  «Тарихи тұлғаға тағзым» атты дөңгелек үстел ОП-24-9т, МЕТ-24-9т бірге өткізілді. Студенттер жазушының журналистерге берген сұхбаттарын тыңдап, өмірбаяны мен еңбекжолы туралы бейнебаянды көріп тамашалады. Өздері де, оқыған шығармаларын айтып, пікірлерін  ортаға салды.Қазақ әдебиетінің дарынды тұлғасы, тарихшыжазушыфилология ғылымдарының докторы, Мұхтар Мағауиннен  білім алған, осы колледжіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы С.Ж.Омарова жазушы туралы қызықты естеліктерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Дөңгелек үстел өте қызықты өтті.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *