
27.09.2024жылы Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде «Тіл қазына» бағдарламасы аясында С.Сейфуллиннің 130ж мерей тойына орай ОП-24-9 т және МЕТ-24-9тобының қатысуымен «Сәкен -жырдың сарқылмас дариясы» атты дөңгелек үстел өтті. 1-курс студенттері Сәкен атасының өлеңдерін оқып, өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстелдің соңында Сәкен ақынға еліктеген жас ақындар өз өлеңдерін оқып, тыңдармандарын риза қылды. Осы іс-шараға жауапты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы С.Ж.Омарова мен оқу- ісі жөніндегі директордың орынбасары К.Д.Махатова жас ақындарды құттықтап, алғыстарын білдірді.Дөңгелек үстелге 55 студент қатысты.
Комментарии