Тілдер әдістемелік бірлестігінің әдістемелік үшкүндігі.

2025 жылдың 2–4 сәуірі аралығында колледжімізде Тілдер әдістемелік бірлестігінің әдістемелік үшкүндігі өтті. Үшкүндік «Бәсекеге қабілетті маманды кәсіби даярлау мақсатында жалпыкәсіби, арнайы пәндер мен педагогикалық практика сабақтарында белсенді және интерактивті оқыту мен тәрбиелеу әдістерін қолдану арқылы креативті ойлауды дамыту» тақырыбында ұйымдастырылды.

02.04.2025 күні ИЯ-22-9 тобына «Домашнее чтение» (факультатив) пәнінен оқытушы Ким Ольга Александровна «Jimmy Valentine’s Reformation (O. Henry)» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – студенттердің тілге деген қызығушылығын арттыру, көркем шығармаға терең әрі саналы талдау жасау дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту, эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру.
Сабақ барысында оқытушы рөлдік ойын, жобалық және зерттеу әдістері, жеке-бағдарлы және коммуникативтік технологиялар сынды заманауи тәсілдерді шебер қолдана білді. Студенттердің белсенділігі жоғары болды, пікірталасқа еркін қатысып, мәтінмен жұмыс жүргізу дағдыларын көрсетті.

Осы әдістемелік үшкүндік аясында ИЯ-24-9 тобына орыс тілі пәнінен оқытушы Мурзабекова Сания Саматовна «Хобби в молодежной культуре. Знаки препинания в простых предложениях, осложненных обособленными вводными словами и словосочетаниями» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Оқытушы Музабекова Сания Саматовна қазіргі жастар үшін өзекті тақырыпта мазмұнды және әдістемелік тұрғыдан сауатты ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – мәтіндік материалды терең талдауға жағдай жасау, тыныс белгілеріне қатысты дағдыларды жетілдіру, сондай-ақ студенттердің сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
Сабақ барысында интерактивті әдістер, коммуникативтік тапсырмалар және мәтінмен жұмыс түрлері қолданылды, бұл студенттердің ойлау белсенділігін арттыруға мүмкіндік берді. Студенттер жоғары қызығушылық танытып, теориялық және практикалық материалды жақсы меңгергендерін көрсетті.

2025 жылғы 3 сәуірінде колледжіміздің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Омарова Сархиткүл Жумашевна ОП-24-9 тобына «Семей ядролық полигоны. Сыни пікір» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты – студенттердің сыни ойлау қабілетін дамыту, тарихи-экологиялық тақырыптар аясында өз көзқарастарын еркін әрі сауатты жеткізе білуге үйрету, пікірталас мәдениетін қалыптастыру.
Оқытушы заманауи педагогикалық әдістерді тиімді пайдаланып, интерактивті тапсырмалар мен жұптық/топтық жұмыстар арқылы студенттердің белсенділігін арттырды. Сабақ барысында Семей ядролық сынақ алаңы тақырыбы терең талқыланып, студенттер өз ойларын дәлелді түрде білдіріп, тілдік қорларын, сыни пайымдау мен пікір білдіру дағдыларын көрсете алды.

Колледж әдіскері ретінде аталған сабақтың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, тақырыптың өзектілігі мен оқытушының әдістемелік шеберлігін ерекше атап өтемін.

Колледжіміздің оқытушысы Хасейн Айшат Асхатқызы ИЯ-23-9 тобына «Даниель Дефо» тақырыбында «Детская иностранная литература» пәні бойынша ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты – студенттердің шетел тіліне деген қызығушылығын ояту, басқа тілдер мен мәдениеттерге құрметпен қарауға баулу, оқылған шығарма төңірегінде ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту, сыни ойлау мен көркем шығармаға саналы әрі терең көзқараспен қарауға үйрету. Сонымен қатар, эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру де назардан тыс қалған жоқ.

Сабақ барысында оқытушы әртүрлі интерактивті әдістерді, диалогтық оқытуды, шығармашылық және зерттеу тапсырмаларын тиімді қолданып, студенттердің белсенділігін арттырды. Студенттер өз ойларын еркін жеткізіп, Даниель Дефо шығармашылығына қызығушылық танытып, әдеби талдауға терең үңіле білді.

Колледж әдіскері ретінде бұл сабақты мазмұнды, тәрбиелік мәні зор және әдістемелік тұрғыдан жоғары деңгейде өтті деп бағалаймыз.

Колледжіміздің оқытушысы Турганова Айгерим Нурланбекқызы «The English competition «The World of Harry Potter»» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты – студенттердің коммуникативтік және социокультуралық құзыреттерін дамыту, ағылшын тіліндегі білім мен дағдыларды жетілдіру, сондай-ақ шығармашылық қабілеттері жоғары студенттерді анықтап, олардың шетел тілдерін терең меңгеруге деген ынтасын арттыру.

Сабақ барысында оқытушы студенттердің тілдік дағдыларын топтық жұмыстар, пікірталастар, ойындар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы қалыптастырды. Студенттер Harry Potter әлемі арқылы ағылшын тілін үйрену процесіне қызығушылықпен қатысып, өздерінің шығармашылық әлеуетін көрсете алды. Осылайша, сабақ білім мен ойынның үйлесімді тіркесін ұсынды.

2025 жылдың 4 сәуірінде колледжіміздің оқытушысы Алиманова Сандуғаш Нуртаевна қазақ әдебиеті пәнінен МТ-24-9 тобына «М.Әуезов «Абай жолы» роман- эпопеясының «Қайтқанда» тарауы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты – тірек сөздер мен мәтіннің алғашқы бөлігін тыңдай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжау, мәтінді оқып, мағынасына сай пікір білдіру, кейіпкерге мәтін үзінділері арқылы мінездеме беру.

Сабақ барысында Абай мен Құнанбай бейнелерін талдау арқылы «Мәңгілік ел» идеясындағы «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» құндылығы ішінара насихатталды. Оқытушы мәтінмен жұмысты, тыңдалым мен сын тұрғысынан ойлау дағдыларын тиімді ұйымдастырып, студенттердің әдеби талдау жасау, өз ойын еркін жеткізу, құндылықтарды қабылдау қабілеттерін дамытты.

Сабақ әдістемелік жағынан сауатты құрылып, білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, оқушылардың белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

Колледжіміздің оқытушысы Озерова Ольга Анатольевна «Оқытудағы ойын технологиясы» тақырыбында ШР-22-9 тобына ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты – білім алушыларға ойын арқылы оқыту технологиясының маңыздылығын түсіндіру, теориялық білімді тәжірибеде қолдануға дағдыландыру және болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Сабақ барысында оқытушы түрлі интерактивті әдістерді, ойын элементтерін, топтық және практикалық жұмыстарды тиімді қолдана отырып, студенттердің белсенділігін арттырды. Студенттер тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, ойын технологиясының оқу үдерісіне оң әсерін нақты сезіне алды.

Колледж әдіскері ретінде сабақтың әдістемелік тұрғыдан жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және болашақ педагогтардың кәсіби дамуында маңызды рөл атқарғанын атап өтеміз.

Тілдер әдістемелік бірлестігінің әдістемелік үшкүндігі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқытушылар тарапынан сапалы әрі мазмұнды ашық сабақтар өткізілді. Сабақтарда заманауи әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, білім алушылардың танымдық белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығы артты. Үшкүндік барысында оқытушылар кәсіби шеберліктерін көрсетіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Іс-шара өз мақсатына жетіп, әдістемелік тұрғыдан нәтижелі болды.

Колледж әдіскері: Хали А.К

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *