Тілім менің-мейірімім!

05.09.2024ж. Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тілім менің — мерейім!» тақырыбында ШК-23-9 тобында тәрбие сағаты өткізілді. Ана тіліміздің мәртебесін көтеру, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, ұлттық құндылықтарымызға деген құрмет сезімдерін дамыту, жас ұрпақты ана тілінің қадір қасиетін түсіне білуге, сүйе білуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс-шарада қасиет пен құт дарыған ана тіліміз туралы өлеңдер оқылып, ән шырқалды, даналардан жеткен, ұлылардан қалған нақыл сөздер тыңдалды. Сонымен қатар қазақ ұлтының мақтанышына айналған Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріне шолу жасалды. ШК-23-9 тобының жетекшісі Э.И.Калкенова.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *