Хабарландыру!
«Қарағанды облысы Балқаш қаласы Ә.Мусин атындағы Балқаш-гуманитарлы техникалық колледжі» КМҚМ Бос орында тұрған лауазымдық жұмыстар:
1. Психолог-1 оқытушысы бала күтіміне байланысты декреттік демалыстын орнына уақытша;
2. Математика пәнінің оқытушысы-1;
3. Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы- 1;
4. Арнайы пәндер оқытушысы (металлург пәні) -1 ;
5. Арнайы пәндер оқытушысы (Экономика ) -1;
6. Денешынықтыру пәнінің оқытушысы -2;
7. Арнайы пәндер оқытушысы (Электрик )-1;
8. Информатика пәнінің оқытушысы- 1;
9. Арнайы пәндер оқытушысы (организатор перевозок )-1
10. Арнайы пәндер оқытушысы (тепло-техник )-1;
11.Музыка пәнінің оқытушы (пианина,аккордион )-2;
12.Тәрих пәнінің оқытушысы (орыс тілінде)-1;
13.Жатақхана тәрбиешісі-1,қызметкердің бала күтіміне байланысты декреттік демалыстын орнына уақытша;
14.Директордың орынбасары (ақпараттық технология)
15. Директордың орынбасары (шаруашылық жөніндегі )
Балқаш қаласы Караменде би көшесі 17А
Электронды мекен- жай:
Байланыс номері: 8(710) 6-64-64,6-03-82
Қажетті құжаттар тізбесі:
1.Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат(идентификация үшін);
2.Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі жөніндегі құжаттар көшірмесі
2.Медициналық аңықтама №075 нысанда;
3.Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
4. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе
педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің,
педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағда);
5. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы
6. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. наркологиялық ұйымнан анықтама;
9.соттылығы жоқ жөнінде анықтама;
10. декларация
11.сурет 2 шт
Оқытушылар конкурс бойынша қабылданады !
Қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығы негізінде педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары
Барлық мамандықтардың пән мұғалімдері
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
педагогикалық этиканың нормалары;
Лауазымдық міндеттері: Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады,
білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.
Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады.
Қысқа мерзімді жоспарларды,суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды.
Электронды журналдарды толтырады.
Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.
Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі 2023 жылдың 17-26 күндері ;
Конкурс : 2023жылдың 28 тамыз сағат 11-00 өтеді.