2025 жылдың 18 мамырынан 22 мамыр аралығында Қарағанды қаласында «WorldSkills Karaganda 2025» аймақтық чемпионатының «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі орталығында өткен облыстық чемпионатқа «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4 курс студенті Бәйтен Меруерт қатысты. Чемпионат Саран қаласы «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжінде» өтті. 2025 жылдың 11 маусым күні Worldskills Karaganda- 2025 чемпионатының жабылу салтанатында “Мектепке дейінгі тәрбие” құзыреттілігі бойынша ДВ-21-9 тобының студенті Бәйтен Меруерт жүлделі 3 орын иеленіп, дипломмен және 50.000 теңгелік сертификатпен марапатталды.
Жетекшісі : Оразхан Н.Т.
Комментарии