Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар жинағы»

28.04 күні колледждің әдістемелік кеңесінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушылары: Б. К. Жахметова мен Э. И. Қалкенова «Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар жинағын»қорғады.

        Бұл  жинақ  орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1 курс студенттеріне  арналған «Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған білімоқу бағдарламасы бойынша құрастырылған қысқа мерзімді жоспарлар  жинағы  колледждің оқу жоспарына сәйкес әзірленді.  Колледждің оқу жоспарында пән бойынша  барлығы  96 сағат берілген Жазылу мақсаты: Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы                          10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен  жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып, 1 курстар үшін ықшамдап, қысқа мерзімді сабақ жоспарларының жинағы құрастыру.

Жинақ авторлары  «Қазақ тілі» оқу пәнінің негізгі міндеттерін ескере отыра,  әр сабақта қолданылған әдіс- тәсілдер мен ресурстар тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын жетілдіруді көздейді. Білім алушыларға  сабақ үдерісінде  жаңа материалды меңгертуде    әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында жұптық, топтық жұмыстарды  қарастырады. Сабақ жоспарларына оқу мақсаттарына сәйкес сабақ мақсаттарын, бағалау критерийлерін, дескрипторларды, құндылықтар мен пәнаралық байланысты  көрсетеді.

Жинақта  білім алушылар  дербес орындайтын тапсырмалармен қатар жұптық, топтық түрде жүзеге асырылатын тапсырмалар, әр бөлім бойынша тест тапсырмалары, іздену –зерттеу жұмыстарын   қамтыған.

Жаңартылған білім мазмұнына  негізделген әдістемелік жинақ қазақ тілін оқытудағы осы жаңа бағыт-бағдарды түсініп қолдануда, колледж оқытушыларына, жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде ұсынылған .   

Оқытушылар: Б. К. Жахметова мен Э. И. Қалкенова.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *