«Қаныш. Қазына» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция

         29.04.2022ж. Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Қарсақпай агротехникалық колледжінің ұйымдастыруымен ZOOM   платформасында  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында  «Қаныш. Қазына» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның мақсаты: Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ.И.Сәтбаевтың ғылыми идеялары мен мұрасын насихаттау.

         Конференцияға Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің ШК-19-9 тобының  студенті Шаймерден Аружан қатысты. Аружан «Қазақтың қайратты Қанышы» бағыты бойынша қатысып, өзінің жұмысында белгілі ғалымның өмір жолы мен еңбек жолына тоқталып, Сәтбаевтың Жезқазған өңірінде ашқан кен орындары жайында мағлұматтар берді.

        Байқау қорытындысы бойынша қатысқан барлық студенттерге және жетекшілеріне сертификат берілді.  Жетекшілік жасаған, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің  оқытушысы  — Э.И.Қалкенова.

        29.04.2022 г. учебно-методическим центром развития образования Карагандинской области и Карсакпайским агротехническим колледжом на платформе ZOOM, среди студентов организаций технического и профессионального, послесреднего образования состоялась областная научно-практическая конференция на тему «Қаныш. Қазына». Цель конференции: распространение научных идей и наследия первого президента Академии наук Казахстана К.И.Сатпаева.

        В конференции приняла участие студентка группы ШК-19-9 Балхашского гуманитарно-технического колледжа имени А.Мусина Шаймерден Аружан. Аружан приняла участие в работе по направлению «Қазақтың қайратты Қанышы», где остановилась  на жизненном пути и труде известного ученого, рассказала о месторождениях, открытых Сатпаевым в Жезказганском регионе.

По итогам конкурса все  участники получили сертификаты.  Руководитель  научный работы преподаватель казахского языка и литературы Э. И. Калкенова.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *