Қаныш Имантайұлы Сатпаевқа 125 жыл

Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы- техникалық колледжінің кітапханасы 2023-2024 оқу жылына арналған іс- шаралар жоспары бойынша бүгін 27.12.2023 күні ШК- 23-9 және ДВ- 23-9 топтары және оқытушыларының қатысуымен «Қазақтың маңдайына біткен дара тұлға- Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың туғанына 125 жыл» атты мерекелік кеш өткізілді. Жоспар бойынша ғалымның жастық шағы, білім алуы, еңбек жолы, көптеген салалар бойынша атқарған қызметтері, нақыл сөздері, ескерткіштер мен геологтың атына берілген қала, көшелер туралы нақты мәліметтер айтылды. Сонымен қатар Қ. Сәтпаевқа арнап түсірілген «Қаныш Қазына» атты телехиясынан үзінді көрсетіліп, академикке арнап жазылған кітаптарға шолу жасалды. Сәтпаев жазып қалдырған нақыл сөздермен іс- шарамызды аяқтап, студенттермен кері байланыс жасалды.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *