Ұлттық руханият және Ж.Аймауытұлы мұрасы» тақырыбында танымдық сағат

16.11.23 Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде облыстық Ресурстық тіл орталығымен бірлескен «Ұлттық руханият және Ж.Аймауытұлы мұрасы» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
Мақсаты:

  • тіл саясатын жүзеге асыру;
    -Ж.Аймауытұлының ұлттық руханияттан алатын орнын көрсету;
    -жастардың Отанға, жерге, елге деген отансүйгіштік, патриоттық сезімін арттыру.
    Іс-шарада қаламгер өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, жазушының педагогикалық мұрасына дайындалған арнайы деректер айтылды, бейнеролик көрсетілді. Танымдық сағатқа ШК-23-9 тобы және ИЯ-20-9 тобының студенттері белсене қатысып, ақынның өлеңдерін оқып, күй тартып, қойылған сұрақтарға белсене жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.
    Іс-шараны ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Э.И.Калкенова.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *