«Ұлттық рухтың қызғыш құсы»

2024 жылдың 22 ақпан күні Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің бөлім меңгерушілері Каденова Анар Мукымовна және Ерменбетова Салтанат Ораловна, колледжіміздің алғашқы директоры Төлеуқадыр Тоқтамысовтың 90 жылдығына арнап «Ұлттық рухтың қызғыш құсы» атты еске алу кешін өткізді. Еске алу кешіне Т.Тоқтамысовтың қызы, бірге жұмыс жасаған ардагер ұстаздар қонаққа келіп, өз естеліктерімен бөлісті. Шығармашылық клуб жетекшісі Кажикаримова Айгерим Ержановнаның жетекшілігімен клуб студенттері Искаков Ануар кешті жүргізіп, Түсенов Нұрдос мәнерлеп өлең оқып, Мурат Марғұлан домбырада күй орындаса, Кәрімхан Балнұр, Абдирбаева Молдир, Туяков әсем әндерімен кештің шырайын келтірді. Кеш соңында колледж директоры Смағұлов Ержан Мәлікұлына сөз берілді.

Бөлім меңгерушілері:
Каденова Анар Мукымовна
Ерменбетова Салтанат Ораловна
«Шығармашылық клуб» жетекшісі Кажикаримова Айгерим Ержановна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *