«Ұлттық тәрбие ұлағат көзі»

2023 жылдың 17 наурызында БГТК –де МТ-21-9  және ПО-21-9-1топтары, жетекшілері Мамырбаева Ш.С. мен Амантай Ж.А. –ның ұйымдастырумен «Ұлттық тәрбие ұлағат көзі» атты сайыс өткізілді.

Сайыстың мақсаты: жастар арасында қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтеп, жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру арқылы бүгінгі қазақ елінің индустриалық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді тұлғаны тәрбиелеу.

Сайыс бес кезеңнен тұрды. Сайыс барысында аталған топ мүшелері ұлтымыздың ұмытылып бара жатқан салт дәстүрлері «Үме», «Бастаңғы» туралы  көрініс қойып, қазақтың ұлттық әшекей бұйымдарының атауларын тауып, мақалдар шешу бойынша жарысты. Сайыстың соңғы кезеңінде топ басшылары салт –дәстүр мен ырымдарды ажыратып, анықтады. Сайыс өте қызықты және тартымды өтті. Сайыс барысында көрермендер ұмытылып бара жатқан салт –дәстүрлер жайлы бейне баян тамашалап, киіз үйдің құрылымына қатысты жұмбақтар шешті. Сайысты қорытындылай келе, ертеңгi ұрпақтың тәрбиесiн бүгiннен бастап қолға алып, жастарымызды ұлтын сүйетiн ұлт¬жанды, Ұлттық тәрбие мен құндылықтарды қолға алу біздің басты міндетіміз деуге болады.

Топ жетекшілері: Амантай Ж.А., Мамырбаева Ш.С.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *