Ұлыстың ұлы күні -Наурыз мейрамы (МО-20-9, МО-19-9)

Наурыз-шығыс елдерінің бүкілхалықтың мейрамы. Ұлыстың ұлы күні Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруда салт -дәстүрге айналдырған.

  Наурыз барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке. Ұлыстың ұлы күні бұл күні күн мен түн теңеліп, Самарқанның көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып түн болса керісінше қысқара бастайды.  Осыған орай Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі “музыкалық  білім беру”бөлімінің МО-20-9,МО-19-9 студенттері Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамына “Ұлыстың ұлы шаңырағы” киіз үйлер көрме байқаулары атты мерекклік іс-шарада өз өнерлерін көрсетіп, комиссия мүшелері мен халықтың ыстық ықыластары мен қошеметіне бөленді.

  Ұлыстың ұлы күні -Наурыз мейрамы құтты болсын!

Ғазиз Н.М.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *