«Ұстаз — ұлы есім» мерекелік кеші

30.09.2022ж. Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде. Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз —  ұлы есім» атты мерекелік кеш өткізілді. Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған ұстаздарға құрмет көрсету мақсатында өткізілген  кешке колледж студенттері белсене қатысты. Ұстаздарымызға деген құрметін әнмен өрнектеген МО-19-9 және ШК-19-9, ФК-21-9  тобының әншілері, ШР-21-9, ИЯ-22-9 тобының бишілері, күй тартқан ШК-19-9 тобының студенті Н.Түсенов өз өнерлерін ортаға салды. Концертті тамашалауға  бар саналы ғұмырын ағарту ісіне, ұрпақ тәрбиесіне арнаған, ұстаздық өнердің майталмандары  атанған ардагер ұстаздарымыз да келді.

Мерекелік концерт көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар:  ШК-19-9 тобының жетекшісі Э.И.Қалкенова және ОП-20-9 тобының жетекшісі Сабанбаева Ж.А.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *