Ұстаздардың ұстазы

13.02.2024ж. Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде Балқаш педагогикалық училищесінің алғашқы директоры Бекенов Сәбит Бекенұлына арналған <<Ұстаздардың ұстазы>> тақырыбында 1курс студенттері арасында бейнероликтер байқауы өткізілді.Студенттердің кәсіби ғылыми-зерттеу белсенділігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға ШК-23-9 тобынан Сабырқызы Мерей мен Құсылбек Аяжан қатысты. <<Ұстаздық-ұлы құрмет>> тақырыбында дайындаған бейнероликте Халық ағарту саласында өзіндік із қалдырған ағарту ісінін үздігі, озық ойлы дарынды ұстаз, ел азаматы, ұстаздардың ұстазы Бекенов Сәбит Бекенұлының өмір жолы мен оқу орнының іргетасын қалаудағы абыройлы еңбегіне шолу жасалды. Нәтижесінде байқауға қатысып, белсенділік танытқаны үшін ШК-23-9 тобы студенттері Сабырқызы Мерей мен Құсылбек Аяжанға Мадақтама берілді. Жетекшілік жасаған колледж оқытушысы Э.И.Калкенова

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *