Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің «Әскери спорттық пән бірлестігі» оқытушыларының ұйымдастыруымен «Физикалық сауаттылық апталығы» өтті

2022 жылдың 21 — 25 ақпан аралығында   Қарағанды облыстық оқу-әдістемелік орталығының бекітілген жоспарының негізінде, колледжміздің «Әскери спорттық пән бірлестігі» оқытушыларының ұйымдастыруымен «Физикалық сауаттылық апталығы» іс-шараларын «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының  1-3 курс студенттерінің арасында өткізді.

Пән бірлестігінің барлық оқытушылары өз жауапкершілігімен іс-шараларды өз деңгейінде өте ауқымды жақсы деңгейде өткізді. Әр оқытушы әр түрлі іс-шараға ат салысты, атап айтқанд:

Дене тәрбиесінің оқытушысы Н.Б.Бекмурзаевтің жетекшілігімен «Біздің жетістіктеріміз» атты студенттердің спорттық жетістіктері, И.М.Желтоноскийдің ұйымдастыруымен «Таң жаттығудан басталады!» атты таңертеңгілік жаттығу бейнероликтерінің байқауы, К.С.Қамбаров — «Спорт және денсаулық» атты челлендж іс- шараны ұйымдастырып, жалғастыруға Балқаш медициналық колледжіне жолдады, Ұ.Е.Қанаттың жетекшілігімен және пән әдістемелік бірлестігінің оқытушылары — үстел теннисінен студенттер арасында жарыс,  К.С.Қамбаров — 1-3 курс студенттері арасында қысқы көпсайыстар: ату, тартылу, шаңғы жарысытары, А.К.Нысанкуловтың ұйымдастыруымен «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша оқитын ФК-21-9 тобының студенттері арасында «Спорт әлемінде» атты зияткерлік викторинасы, Ұ.Е.Қанаттың- «Менің денсаулығым өз қолымда» атты онлайн-олимпиада, А.Ж.Қарабекованың ұйымдастыруымен «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенттері мен ШК-20-09 тобының студенттерінің қатысуымен  «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты флешмоб өтті. 25 ақпан колледждің «Әскери спорттық пән бірлестігі» оқытушыларының ұйымдастыруымен «Физикалық сауаттылық апталығы» өз мәресіне жетіп, апта бойы жүргізілген іс-шараларды қорытындылап, барлық қатысқан студенттерді құттықтап, марапаттады.

Хали А.К.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *