Әлихан Шөжебайұлы Мусиннің 115 жылдығына арналған студенттер ғылыми қоғамы

23.11.2023 күні Әлихан Шөжебайұлы Мусиннің 115 жылдығына арналған студенттер ғылыми қоғамының жетекшісі М.Т. Жакупованың  ұйымдастырылуымен конференция өткізілді.

Конференцияға үш бағыт берілді:

1.Болашақ мамандығыңыз саласындағы жаңалықтар.

2. Болашаққа арналған инновация.

3. Қазіргі білім берудің құндылық бағыттары.

әр қатысушы өздеріне қажет тақырыпты таңдады.

Жалпы колнференцияға  18 мақала өткізілді, 26 студент қатысты, 10 оқытушы жетекшілік етті. Конференцияға әр студент дайындықпен келген, өздерінің жұмыстарындағы алдарына қойған мақсаттарына жетті.

Конференция екі аудиторияда өтті және әділқазылар алқасы сайланып,  нәтижесі анықталып колледжің саптық жиынында жарияланды.

Конференция қорытындысы бойынша келесі студенттер 3 орынмен марапатталды: Подшивалов Арсений, Аяпов Тимур ПО-23-9 тобы (жетекшісі- Каденова А.М.), Кенжетаева Алтынай ШК-20-9 тобы (жетекшісі-Жакупова М.Т.), Зейнуров Адай, Нығытай Нұртас  ТТ-21-9 тобы (жетекшісі- Сагимбекова М.Н.), 2 орынмен келесі студенттер марапатталады: Төлеуқұл Алтын ШК-22-9 тобы (жетекшісі-Адилканова С.А), Подшивалов Арсений, Аяпов Тимур ПО-23-9 тобы (жетекшісі-Каденова А.М.), келесі студент 1 орынмен марапатталды: Асылхан Алихан ОИ-23-9 тобы (жетекшісі-Ғазиз Т.М.), бас жүлде Түсенов Нұрдос ШК-22-9 тобы (жетекшісі-Балтабаева М.А.)  Қатысқаны үшін 11 студент және жетекшілері сертификатпен марапатталады.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *