«Өндірістік дипломалды тәжірибесі» бойынша қорытынды конференция

16.03.2023ж.  Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде  ШК-19-9 тобының студенттерінің ұйымдастыруымен    «Өндірістік дипломалды тәжірибесі» бойынша қорытынды конференция өткізілді. Түлектердің өзбетіндік кәсіби-педагогикалық қызметке даярлық деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін бұл тәжірибеден топ студенттері  26.01-08.03 аралығында өтті.

Конференцияны ұйымдастырғанШК-19-9 тобының жетекшісі Э.И.Калкенова кіріспе сөз сөйлеп, оқу жоспарына сәйкес өткізілген тәжірибенің мақсат-міндеттеріне, өту барысына, тәжірибеден өткен студенттер жайында айтып өтті. Одан әрі студенттердің есебі тыңдалып, қала мектептерінен және ауыл мектептерінен тәжірибеден өткен  студенттер өздерінің іс-тәжірибелерін ортаға салып, ойларымен бөлісті. Конференция соңында қатысып отырған ШК-20-9 тобының студенттеріне тәжірибе бойынша қажетті құжаттармен таныстырып, жинақтаған папкаларын көрсетті. Конференция қорытындысы бойынша директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары  О.В.Буйненко сөз сөйлеп, студенттерді тәжірибенің сәтті аяқталуымен құттықтады. Топ жетекшісі тексерілген құжаттар бойынша студенттерге қойылған қорытынды бағаларымен таныстырды және осы тәжірибе барысында теориялық білімін тәжірибе жүзінде жоғары деңгейде көрсетіп  Алғыс хатқа ие болған топ студенттері Болатбекова Айғаным мен Дүйсенбекова Әйгерімді құттықтады.

Калкенова Э.И.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *