Өндірістік тәжірибе Мт-21-9

Колледжіміздің менеджмент мамандығы бойынша биылғы түлектер МТ-21-9 тобы 12 сәуір айынан бастап қаламыздың банк мекемелерінде, салық комитетінде, түрлі кәсіпорындарда өндірістік тәжірибе өтуде. Тәжірибе барысында мекеменің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен танысуда. Өндірістік тәжірибе барысында студенттер еңбек заңдарын орындап, еңбек қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтап, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің жеке тапсырмаларын орындауда. Студенттер тәжірибе кезінде теорияда алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, қосымша материалдар жинақтауда және жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, олармен жұмыс барысында қолдану үстінде.Практика жетекшісі Мукашева Б.С

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *