«Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз»

19 наурыз күні Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде ШР-21-9 және ТТ-20-9 топтарының студенттері колледж оқытушылары Аралбаева Бибинур Толендыевна мен Ерменбетова Салтанат Ораловнаның жетекшілігімен  «Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз» атты сыныптан тыс ашық мерекелік іс-шара өткізді. МО-19-9 және МО-20-9 топтарының студенттері Сейфулла Алдияр, Айтжанқызы Нұрайым, Несипбаева Арай, Рахмет Нұрасыл және Ануарұлы Ғаният  «Шығармашылық клуб» жетекшісі Кажикаримова Айгерім Ержановнаның жетекшілігімен әсем әндерін орындап, кештің шырайын келтірді. Іс-шара сайыс түрінде өтті. Сайысқа ИЯ-21-9, ДВ-21-9, ФК-21-9 топтарының студенттері «Тұлпар», «Қызғалдақ», «Қыз Жібек» аттарымен қатысты.

Сайыс 5 кезеңнен тұрды:

  1. Сәлемдесу;
  2. Орамал тастамақ;
  3. Қазағымның қазынасы;
  4. Көңілді би;
  5. Ең дәмді Наурыз көже.

Әділқазылар алқасы шешім қабылдап болғанша, көрермен студенттер арасында «Асық ату», «Арқан тартыс», «Қол күрестіру» сияқты қазақтың ұлтық ойындары ойнатылды. Әділқазылар алқасы Каденова А.М., Кажикаримова А.Е., Артыкова М.С. сайысқа қатысушыларды әділ бағалап,

1 орын – ФК-21-9 тобына

2 орын – ДВ-21-9 тобына

3 орын – ИЯ-21-9 тобына беріп, дипломдармен марапаттады.

Іс-шараның арнайы шақыртылған қонақтары Қазақстан Республикасының білім беру үздігі, Балқаш қалалық «Аналар кеңесінің» төрайымы Сыздыкова Шайзада Рысқұловна мен Қалалық ардагерлер кеңесінің өкілі Шведова Раиса Сергеевна кеш ұйымдастырушыларына, жас ұрпаққа өз тілектерін білдіріп, баталарын берді.

Шығармашылық клуб жетекшісі

Кажикаримова Айгерим Ержановна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *