1 – ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН

1 – қыркүйек күні Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде МТ-20-9, МО-19-9 топтары және топ жетекшілері Алиманова С.Н, Кажикаримова А.Е., ұйымдастыруымен «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиында колледж директоры Смагулов Е.М., қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Омарова С.Ж., «Жігер» жастар студенттік парламентінің президенті Сатиев Н., колледж жас маманы, арнайы музыкалық пәндер оқытушысы Кажикаримова А.Е., жаңа оқу жылының басталуымен барша оқытушылар мен студенттерді құттықтап, жүрек жарды тілектерін білдірді. Алғаш колледж табалдырығын аттап отырған 1 курс студенті алғашқы қоңырауды соқты.

МО-19-9 тобының студенттері Несипбаева А., Имаш А., Айтжанқызы Н., Сейфулла А., әсем әндерін орындап салтанатты жиынның көркін кіргізді.

Шығармашылық клуб жетекшісі  Кажикаримова Айгерим Ержановна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *