25 қазан ұлттық мереке- Республика күніне арналған салтанатты жиын!

25 қазан ұлттық мереке- Республика күніне арналған салтанатты жиын!
Биыл 25 қазанда Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде екінші рет аталып өтеді. Былтыр 29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойған еді. Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып белгіленді.
23.10.2023 ж. колледжімізде еліміздің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы — Республика күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара болып өтті.
Салтанатты жиында 1 курс студенттері мемлекетіміздің нышаны- Әнұранды айтып ашқан болатын. Колледж директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Махатова К.Д. мерекелік құттықтау сөзі мен жылы лебізін білдірді. Құттықтау сөздерінен кейін оқу орнының білім алушылары Отан, Туған жер туралы патриоттық рухтағы шығармаларды және өлеңдерді орындады.
Мерейі биік бұл мереке колледж шаңырағында жоғары деңгейде аталып өтті.
Әрқашан көк туымыз ашық аспанымызда желбірей берсін!
Оқытушылар: М.Н.Сагимбекова, Н.Т.Оразхан

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *