«25 қазан – Республика күні» ұлттық мерекесіне арналған «Қыран елім — Қазақстан» атты салтанатты жиын

2022 жылдың 21 қазанда «25 қазан – Республика күні» ұлттық мерекесіне орай М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында қалалық

«Қыран елім — Қазақстан» атты салтанатты жиын өтті. Бұл мерекеге Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің студенттері белсене ат салысты. Музыкалық білім беру бөлімінің студенттері Хор сыныбының оқытушысы Кажикаримова Айгерим Ержановнаның жетекшілігімен Қыз Жібек операсындағы хорды айтса, Ырғақ пәнінің оқытушысы Карабекова Асель Жумагелдиевнаның жетекшілігімен мың бұралған биші қыздарымыз би биледі. Және де колледжіміздің ардагер ұстазы, хор сыныбының оқытушысы Далибаева Алмагүл Нұргаслиевнаның жетекшілігімен Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін колледжіміздің студенттерінен құралған Хор ұжымы 100 адам болып шырқады.

Музыкалық білім беру бөлімінің оқытушысы Кажикаримова Айгерим Ержановна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *