«25-қазан Республика күні» ұлттық мерекесіне арналған 1-2 курс студенттері арасындағы «Елім менің» атты патриоттық әндер байқауы

12.10.2023 жылы Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің «Шығармашылық клуб» жетекшісі Кажикаримова Айгерим Ержановнаның ұйымдастыруымен «25-қазан Республика күні» ұлттық мерекесіне арналған 1-2 курс студенттері арасындағы «Елім менің» атты патриоттық әндер байқауы өткізілді. Байқауға ИЯ-23-9, МТ-22-9, ДВ-23-9,

АВТ-22-9, ДО-23-9 топ студенттері қатысты.

Байқау шарты бойынша қатысушылар 1ші кезеңде патриоттық ән орындаса, 2ші кезеңде еркін тақырыпта әндерін орындады. Бағалау критерийлерінде қатысушылардың орындаушылық шеберлігі, сахна мәдениеті, киім үлгісі қаралды. Әділқазылар алқасында колледж бөлім меңгерушілері Каденова А.М., Ерменбетова С.О., Музыкалық білім беру бөлімінің төрайымы Сахарова А.П., арнайы музыкалық пәндер оқытушысы Буйненко О.В., қазылық етті.

Байқау қорытындысы бойынша:

1 орынды Абдирбаева Мөлдір ИЯ-23-9

2 орынды Кукеева Карина МТ-22-9

2 орынды Муханова Бағдат МТ-22-9

3 орынды Нурпиисова Жанел ДВ-23-9 иеленді.

 Рахытханұлы Ерсултан АВТ-22-9, Сағынтайқызы Амина ДО-23-9, Жұмабек Назерке ДВ-23-9 арнайы номинацияларға ие болды. Барлық қатысушылар дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.

Байқаудың шымылдығын «Шығармашылық клуб» студенттері Кәрімхан Балнұр, Өмірғалы Ажар, Рахмет Нұрасыл мен Туяков Қуан «Бұл жаңа Қазақстан» әнімен ашса, Бәйтен Меруерт пен Ануарұлы Ғаният байқауды жүргізді. Әділқазылар алқасы шешім шығарғанша «Шығармашылық клуб» әншілері көрермендерге әсем әндерін орындады.

Шығармашылық клуб жетекшісі Кажикаримова Айгерим Ержановна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *