«25-қазан Республика күні» ұлттық мерекесіне арналған 1-2 курс студенттері арасындағы «Елім менің» атты патриоттық әндер және мәнерлеп оқу байқауы

20.10.2022 жылы Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің «Шығармашылық клуб» жетекшісі Кажикаримова Айгерим Ержановнаның ұйымдастыруымен «25-қазан Республика күні» ұлттық мерекесіне арналған 1-2 курс студенттері арасындағы «Елім менің» атты патриоттық әндер және мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқауға ФК-21-9, ШК-22-9, ШР-22-9,

ДВ-22-9, ДВ-21-9, МТ-21-9, МТ-22-9 топ студенттері қатысты.

Байқау шарты бойынша қатысушылар 1ші кезеңде патриоттық ән орындаса, 2ші кезеңде туған жер, отан туралы тақырыпта өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Бағалау критерийлерінде қатысушылардың орындаушылық шеберлігі, сахна мәдениеті, киім үлгісі қаралды. Әділқазылар алқасында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыйырбаева З.А., Музыкалық білім беру бөлімінің төрайымы Сахарова А.П., бөлім меңгерушілері Каденова А.М., Ерменбетова С.О., арнайы музыкалық пәндер оқытушысы Буйненко О.В., қазылық етті.

Байқау қорытындысы бойынша:

1 орынды Өмірғалы Ажар мен Муханова Багдат МТ-22-9

2 орынды Бәйтен Меруерт ДВ-21-9

3 орынды Тоқтал Назерке ДВ-22-9

3 орынды Кәрімхан Балнұр ФК-21-9 иеленді.

 Ким Роман ШР-22-9, Түгелбек Жанерке ШК-22-9, Нұржанова Аружан мен Алмат Назерке МТ-21-9, арнайы номинацияларға ие боллды. Барлық қатысушылар дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.

Байқаудың шымылдығын МО-19-9 тобының студенттері Айтжанқызы Нұрайым, Несипбаева Арай, Имаш Алина «Сәлем саған, туған ел» әнімен ашса, Сейфулла Алдияр мен Имаш Алина байқауды жүргізді. Әділқазылар алқасы шешім шығарғанша Айтжанқызы Нұрайым, Несипбаева Арай, Имаш Алина, Сейфулла Алдияр «Жаса қазағым», «Атамекен», «Батырлар ұраны» әндерін орындады.

Шығармашылық клуб жетекшісі: Кажикаримова Айгерим Ержановна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *