8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт

2024 жылдың 6 наурыз күні Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің ШК-22-9, МЕТ-23-9 топ студенттері, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өткізді. Мерекелік концертте «Шығармашылық клуб» жетекшісі Кажикаримова Айгерим Ержановнаның жетекшілігімен клуб студенттері Рахмет Нұрасыл, Мурат Марғұлан, Түсенов Нұрдос домбырада күмбірлете күй орындаса, Туяков Қуан, Абдирбаева Молдір, Кукеева Карина, Муханова Багдат «Ана» туралы әсем әндерімен көрермендердің жүрегіне жол тапты. Колледжіміздің ардагер ұстаздары қонақ болып, концертті тамашалады.

Шығармашылық клуб жетекшісі
Кажикаримова Айгерим Ержановна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *