Ақындар жырлаған туған өлке

        «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде 23 сәуір «Дүниежүзіліккітап және авторлық құқық» күнімен тұспа-тұс келген «Ақындар жырлаған туған өлке» әдеби қонақ үй іс-шарасы ШК-22-9 тобының ұйымдастырумен өткізілді. Халықтың рухани мұратына қызмет еткен ұлы тұлғалар аз емес. Данышпан  қазақ халқы ақынға кенде болған жоқ. Поэзия әлеміне көз салсақ қазақ халқының арман — мұраты, шаттығы мен қайғысы ең алдымен ақын  жүрегіне жиналған, ақын өлеңдеріне арқау болған.Бүгінгі кеш жергілікті, талантты ақын, көптеген мүшайра байқаулардың жеңімпазы, Қарағанды облысы әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының лауреаты Нұрдос Маратұлы Кәрімніңшығармашылығы мен өмір жолына арналды. Кеш мақсаты: өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласынабөленіп жүрген қаламгеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, өнегелі өмір жолынөскелең ұрпаққа өнеге тұтып, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Дукенбаева Г.Е

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *