Абай мұрасы халық ұлағаты

13.09.2023ж . «Бастауыш білім беру» мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен   ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан,  әлем мойындаған адамзаттың данышпаны әдеби тілінің негізін салушы,ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік тұлғасы А.Құнанбаевтың шығармашылығына арналған  «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты тағылымды кеш болып өтті.

   Мақсаты:• Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне тереңбойлатып»,

Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;1 «Сөз патшасы-өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарынбойларына сіңірту,

 ой-қиялдарын поэзия әлеміне енгізу;• Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын насихаттау.

Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі Абайдың 178жылдығына ұйымдастырылған тағылымдық кеште өз өнерлерін көрсеткен 1-2 курс студенттері   ақынның шығармашылығының тың қырларын ашып, жан сырына қаныға түсті.  Жалпыхалықтық сипат алған ұлы ақынның өлеңін оқу эстафетасы туралы бейнероликті тамашалай отырып, игі бастаманы қолдады. Жастарды хәкім Абай мұраларын оқуға, құрметтеуге шақырды.•

 Оқытушылар: Б.К.Жахметова; Э.И.Калкенова.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *