«Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының ұлы көсемі» шығармашылық кеш

23.09.2022ж. Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде  Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылған  апталық аясында «Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқыныңұлы көсемі» тақырыбындашығармашылық кешөткізілді.  Қазақ ұлтының мақтанышына айналған Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық қызметін, қазақ әдебиеттану және тіл білімі ғылымдарының негізін қалаудағы еңбегін, ұлт ұстазының педагогикалық, әдістемелік көзқарасын насихаттау; ғибратты мұрасын жан-жақты зерделеу, келешек ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында өткізілген кештің маңызы өте зор болды. Іс –шарада студенттер ақынның өлеңдерін оқып, даналардан жеткен, ұлылардан қалған нақыл сөздерін айтып, А.Байтұрсынұлының жалпы еңбектері, оның ішінде әдістемелік мұрасына кеңінен тоқталды. Шығармашылық кешке қатысқан ШК-19-9 тобының студенттері Қайдар А. мен Болатбек А. өлеңдерін мәнерлеп оқыса, Шаймерден А. мен Маратқызы А. ғалым-филологтың ғылыми еңбектеріне шолу жасады. Соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.А.Сыйырбаева іс-шара бойынша жылы лебізін білдірді.

Іс-шараны ұйымдастырған  оқытушылардың бірі — Э.И.Қалкенова.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *