«АЙНАЛАЙЫН ХАЛҚЫМНАН ЕРКЕЛЕТКЕН»

2022 жылдың 3ші қараша күні Балқаш қаласының №1 кітапхана филиалында сахна сандуғашы, қазақ ән өнерінің тұтас бір дәуірін қалыптастырған ән перизаты – Роза Тәжібайқызының 100 жылдық мерейтойына арналған «Айналайын халқымнан еркелеткен» атты сазды кеш өткізілді.

Аталмыш кешке Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы – техникалық колледжінің «Музыкалық білім беру» бөлімінің оқытушысы Кажикаримова Айгерим Ержановна, МО-19-9, МО-20-9 топ студенттері қатысты. Кеште топ студенттері Роза Бағланова туралы білген мәліметтерімен бөлісіп, ортаға өз ойларын айтып, Роза апамыздың орындауындағы әндерді хормен айтып, күй шертіп, кештің сәнін кіргізді.

Кеште «Балқаш сазы» ардагерлер хорының мүшесі, әнші А.Касенова және «Балқаш сазы» хорының аккомпаниаторы Е.Баймағанбетов қонақта болды.

Кеш барысында Роза Тәжібайқызы Бағланованың өмірі мен өнері жайлы мәлімет берілді. Қ.Абдухалимовтың «Роза Бағланова» атты кітап-альбомына шолу жасалды. «Ақ маңдайлым», «Ах, Самара — городок» әндерін кеш қонағы А.Касенова нақышына келтіре орындады.

МО-19-9 тобының топ жетекшісі

Кажикаримова Айгерим Ержановна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *