Аруы адамзаттың -өлең деген!

29.03.24ж. Қарағанды қаласында Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында Халықаралық《Алаш》сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Серік Ақсұңқарұлы шығармашылығына арналған дәстүрлі облыстық байқау өткізілді. Жыр әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар ақын, публицист, аудармашы С.Ақсұңқарұлының шығармаларын насихаттау мақсатында өткізілген байқау《Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде 》КМҚК өткізілді. Осы байқауға Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінен ШК-23-9 тобының студенті Кусылбекова Аяжан 《Аруы адамзаттың — өлең деген!》және МО-20-9 тобының студенті Ануарұлы Ғаният(Жет. Кажикаримова А.Е.)《Жүрекке жақын әндер》номинациялары бойынша қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша ақынның он өлеңін мәнерлеп жатқа оқыған ШК-23-9 тобының студенті Кусылбекова Аяжан жүлделі 2 орынға ие болды. Жетекшісі Э.И.Калкенова.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *