Бабалар үні

2023жылы 27 қараша күні  Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы- техникалық колледжінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатындаС.Сейфуллин шығармаларына арналған «Бабалар үні» тақырыбындағы ауызша журнал іс-шарасы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы С.Ж.Омарованың ұйымдастыруымен ОП-22-9т және ОП-23-9т қатысуымен өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттердің С.Сейфуллин шығармашылығы және оның әдеби қызметі туралы білімдерін кеңейту және тереңдету, дүние таным негіздерін, қоғамдық құбылыстарға қызығушылықтарын қалыптастыру, патриотизм сезімін тәрбиелеу, адамның қоғам өміріндегі белсенді рөлі туралы идеяларын қалыптастыру. Жазушының шығармаларын оқуға деген қызығушылықты ояту және қалыптастыру, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын дамыту.
Іс-шара барысында «Сәкен ақын», «Сәкен жазушы», «Сәкен драматург», «Сәкен қоғам қайраткері» тақырыптары жан-жақты талқыланды.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *