«БАЛҚАШЫМ — БАҒЫМ» — БАЛҚАШ ҚАЛАСЫНЫҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН.

23 қыркүйек күні Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде ДВ-21-9, ТТ-20-9 топтары Лекерова Ж.Ж., Ғазиз Т.М. жетекшілігімен Балқаш қаласының 85 жылдығына арналған салтанатты жиын өткізді. Бөлім меңгерушісі А.М.Каденоваға сөз берілді. Жиында қаламыздың тарихы туралы мәлімет беріліп, өлең шумақтары оқылды. МО-19-9 тобының студенттері Сейфулла Алдияр мен Несипбаева Арай «Шығармашылық клуб» жетекшісі А.Е.Кажикаримованың жетекшілігімен А.Барлановтың сөзі мен әніне жазылған «Ару Балқаш», қаламыздың белгілі журналист, ақын, сазгері Қуандық Саденовтың сөзіне, қаламыздың белгілі әнші, сазгері Жанар Тлеулинаның әніне жазылған «Балқаш қаласының гимні» әндерін орындап салтанатты жиынның көркін кіргізді.

Шығармашылық клуб жетекшісі: Кажикаримова Айгерим Ержановна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *