Биле, биле байқауы өтті

2024 жылдың 30 сәуір күні Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде «Шығармашылық» клубының жетекшісі Кажикаримова Айгерим Ержановнаның ұйымдастыруымен Халықаралық би күніне орай 1 курс студенттері арасында «Биле, биле» атты байқауы өтті.
Байқауға 9 топ қатысты. Барлық топтар тыңғылықты дайындалған.
Байқау қатысушыларына әділ бағаларын беруге колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыйырбаева Зейнегуль Ахметбаевна, хореограф, биші Карабекова Асель Жумагелдиевна, бөлім меңгерушілері Каденова Анар Мукымовна, Ерменбетова Салтанат Ораловна, «Жігер» студенттік парламентінің координаторы Нургазина Айзат Оралқызы қазылық етті.
«Шығармашылық» клуб студенттері байқауды жүргізіп, ән айтып, би биледі.
Байқау нәтижесі бойынша:
Бас жүлде — ОИ-23-9 тобы;
1 орын — ДО-23-9 тобы;
2 орын — ТТ-23-9 және ДВ-23-9 топтары;
3 орын — ШК-23-9 және ПО-23-9 топтары;
«Ең үздік қойылым» номинациясын ИЯ-23-9 тобы;
«Ең үздік шеберлік» номинациясын БСД-23-9 тобы;
«Ең үздік харизма» номинациясын ОП-23-9 тобы иеленді. Әр топ дипломдармен және 1 курс кураторларының демеушілігімен тәттілер мен үстел ойындары сыйлықтарымен марапатталды. «Шығармашылық» клуб студенттері Жантасова Карина, Абдуразахова Жасмина, Асылжанқызы Жібек, Муханова Багдат, Нұрланқызы Нұрайлым өздеріне бөлінген топтарға би үйретіп, жетекшілік еткені үшін дипломмен марапатталды.

«Шығармашылық» клуб жетекшісі
Кажикаримова Айгерим Ержановна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *