Білікті ұстаз Мая Қасымқызы Мырзабекованы еске алуға арналған волейболдан білім беру саласы және спорт мекемелері қызметкерлері арасында дәстүрлі ашық турнир ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 14-ші мамыркүні  талай өнегелі шәкірт тәрбиелеген білікті ұстаз Мая Қасымқызы Мырзабекованы еске алуға арналған волейболдан білім беру саласы және спорт мекемелері қызметкерлері арасында дәстүрлі ашық турнир ұйымдастырылды. Турнирге Қарағанды қаласының №54 жалпы білім беретін мектеп, Ақтоғай ауданы Ә.Бөкейхан атындағы мектеп, Приозерск қаласының №1 орта мектеп, қаламыздың «Ақтеңіз», Ә.Мусин  атындағы БГТК, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі, Абай атындағы №2 мектеп-лицей, №5 жалпы білім беретін мектеп, С. Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы, Б.Момышұлы атындағы №8 мектеп, әл-Фараби атындағы №16 мектеп, балалар мен жасөспірімдер спорт мектеп оқытушыларынан құралған 12 командалар қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды «Ақтеңіз» командасы, 2-ші орынды Қарағанды қаласынан келген №54 жалпы білім беретін мектептің командасы, 3-ші орынды Приозерск қаласынан келген №1 орта мектептің командасы иеленді.

Орындаған: Сыйырбаева З.А.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *