Болашақ мамандыққа баулуда машықтанудың берері мол

Болашақ мамандыққа бейімделу мектепте өткен машықтардың да сапасына тікелей байланысты болары сөзсіз. Осы орайда колледжімізде дуальды оқыту жүйесі бойынша білім алатын топтар колледждегі оқу мен мектептегі тәжірибені ұштастыру арқылы болашақ мамандықтарының қыр- сырына бойлауда. Мен жетекшілік ететін ШР-21-9 тобы қаламыздың бес мектебінде машықтанудан сәтті өтуде . Бүгін Әлімхан Ермеков атындағы мектеп- лицейде машықтанудан өтіп жатқан ШР-21-9 тобының студенті Ельшина Викторияның Жаратылыстану пәні сабағына қатысып қайттық. Сабақ әдістемелік жағынан сауатты құрылған. Студент — практикант өз әрекеттерін өте сенімді жүргізіп, сабақты қызықты да сапалы өткізе алды. Сынып оқушылары өте белсенді екен. Виктория сынып оқушыларымен сабақты түрлендіре өткізіп, өзінің  алдына қойған мақсатына жете алды.

Алиманова С. Н.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *