Чемпиондармен кездесу

Ағымдағы жылдың 13-ші қазан күні Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері «Дене шынықтыру және спорт»  мамандығының студенттері Италия мемлекетінің Лидо-ди-Езоло қаласында өткен кикбоксингтен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті. Сайлаубек Гаухар(ФК-21-9 тобы) Италия төрінде алтыннан алқа тақса, Мұратов Әділ(ФК-20-9 тобы) күміс жүлдені,  Сәтиев Нұрсұлтан (ФК-21-9 тобы) қола жүлдені иеленген болатын.. Кездесуге облыстық мәслихаттың депутаты Түкбаева А. Б. мен колледж директоры Смағұлов Е. М.  қатысып,  жүлдегерлерді жеңісімен құттықтап,  жиналған жастарды солардан үлгі алуға шақырды. Спорт пен салауатты өмір салтын ұстанған жастардың жетістіктері қаламыз үшін ғана емес, жалпы еліміздің халықаралық деңгейдегі дәрежесіне қосылған қомақты үлес екенін атап көрсетті.

Сыйырбаева З.А.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *