«Егеменді Қазақстанның қалыптасуы мен жетістіктеріне» арналған арнайы көрме.

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледж кітапханасында Қазақстан Республикасының мерекесі қарсаңында «Егеменді Қазақстанның қалыптасуы мен жетістіктеріне» арналған арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрме екі бөлімнен тұрады. 1. Қазақстанның тарихы мен даму кезеңдері. 2.Жаңа әлемдегі –жаңа Қазақстан.
«Республика күні» – бірқатар мемлекеттердегі республиканың таптырмас атрибуты болып табылатын мемлекеттің республика болып жарияланған немесе елдің конституциясы қабылданған күні атап өтілетін ұлттық мереке.
Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік, патриотизм мен Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету.
Кітап көрмесінде мемлекет және құқық тарихы, Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы туралы әдебиеттер, сондай-ақ еліміздің егемендік тарихындағы айтулы сәттерді баяндап, өткен тарихымыздың жарқын жақтарын көрсететін мемлекеттің құрылу кезеңдеріне сәйкес материалдар ұсынылған.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *