Екі жұлдыз байқауы

2024 жылдың 9 ақпан күні Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде «Шығармашылық» клуб жетекшісі Кажикаримова Айгерим Ержановнаның ұйымдастыруымен, қаржылай көмек көрсеткен колледж директоры Смағұлов Ержан Мәлікұлының, кәсіподақ ұйымының төрайымы Төлеген Перизат Қайыржанқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыйырбаева Зейнегул Ахметбаевна, бөлім меңгерушілері Каденова Анар Мукымовна және Ерменбетова Салтанат Ораловнаның қолдауымен, оқытушылар мен студенттер арасында «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. Байқауға 9 жұп қатысты. Байқаудың шарты бойынша әр жұп 1ші кезеңде ретро әндер орындаса, 2ші кезеңде заманауи бағыттағы әндерді орындады. Шығармашылық клубының биші студенттері әр жұпқа көрініс қойып, би билесе, әншілер әділқазылар алқасы шешім шығарғанға дейін ән айтып өз өнерлерін көрсетті. Әділқазылар алқасында колледж директоры Смағұлов Ержан Мәлікұлы, Балқаш өңірі газетінің тілшісі Тойымбекова Шұғыла Берікбайқызы, жастар ресурстық орталығының директор міндетін атқарушы Зекенова Эльвира Шалхарқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыйырбаева Зейнегул Ахметбаевна, музыкалық білім беру бөлімінің оқытушысы Буйненко Ольга Владимировна болды. Әділқазылардың шешімі бойынша:

Бас жүлде – Сенкебаева Перизат Нурлановна және Өмірғалы Ажар

1 орын – Амантаев Жанғали Ануарбекович және Муханова Багдат

2 орын – Ғазиз Назерке Мейірханқызы және Кәрімхан Балнұр

3 орын – Дукенбаева Гулназ Ернатбековна және Мурат Марғұлан

Номинациялар:

Көрермендер көзайымы – Желтоножский Игорь Михайлович және Абдирбаева Молдір

Лирикалық жұп – Нургазина Айзат Оралқызы және Рахмет Нұрасыл

Талантты жұп  Қожамұратова Шырын Бергеновна және Кукеева Карина

Үздік дауыс – Байдилдаев Жанболат Нургалиевчи және Бәйтен Меруерт

Өнерлі жұп – Орал Назерке Жоламанқызы және Туяков Қуан

Барлық жұптарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Шығармашылық клуб жетекшісі

Кажикаримова Айгерим Ержановна

https://youtu.be/aF0eyqg9H_0?si=eoZA6PrEsIjA6QKW

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *