
30.11.2021ж күні ШК-21-9А тобының студенттері «Елбасы – ел тірегі, ел намысы!» ашық тәрбие сағатын ұйымдастырды.
Мақсаты:
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы туралы мәлімет беру; Елбасының еңбек жолын үлгі — өнеге ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу, халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру; Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.
Тәрбие сағатында Елбасы жайлы көріністер қойылып, елі үшін жасалған қызметі, көшбасшылық , көрегенділік қасиеті жайлы ақпараттар берілді. Елбасына арналған өлең -жырлар айтылды. Ақын қыздарымыз арнау өлеңдерін оқыды.
Н.Ә.Назарбаевтың балалық, жастық,кемел шағынан презентациялар жасалды.
Еліміздің Тәуелсіздік шежіресінен викториналық сұрақтар қойылды.
Тәрбие сағаты «Атамекен» әнімен аяқталды.
Топ жетекшісі: Жахметова Б.К.
Комментарии