Энергия мен су көздерін үнемдеу

Энергия мен су көздерін үнемдеу күніне байланысты қала мектептерінде сынып сағаттары өткізілді. Жалпы білім беретін 1 мектептің 5В сыныбында ИЯ-22-9 тобының студенті Мусина Аяулым ашық тәрбие сағатын осы тақырыпқа арнап өткізді. Сабақ су мен энергияны үнемдеу туралы бейнефильм көруден басталды. Білім алушылар тақырыпты жақсы білетіндіктерін байқатты. Олар осы тақырыпқа арнап үйден сурет салып келген екен.Әрқайсысы өзінің салған суреті туралы қызыға әңгімелеп берді. Соңында оқушылар салған суреттен көрме жасалды. Балалар тақырып бойынша көптеген мәліметтермен танысты.

Алиманова С.Н.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *