«Кітапхана-табыс мекені»

Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжде қыркүйек бойы 1 курс студенттеріне «Кітапхана-табыс  мекені» атты ашық есік күні өтті.

Соның бірі ДВ 22-9 студенттері топ жетекшісі  Оразхан Н.Т. кітапханаға саяхат жасады. Кітапханашылар  студенттерді кітапхана ережесімен, оқырмандар формулярымен таныстырды.

Сонымен қатар студенттер  «Әлем таныған Қазақстан», «Атаулы күндер», «Балқашым- құт мекенім», «Дархан даланың данышпандары» атты көрмелерін тамашалады.

Келесі кезекте кітапханашылар студенттерді оқыу залымен онда  орналасқан компьютерлермен оларды қалай пайдалану жолдары айтып түсіндірді.

ҚР президенті Қ.К.Тоқаевтың нұсқаулығымен жастарды көркем әдебиет оқуға шақырып, әр оқыған кітаптарынан рухани азық алып, ой-өрісін кеңейту мақсатында колледжде  «Оқуға құштар колледж» жоспары жасалынған болатын.Осы жоба аясында кітапханада «Оқуға құштар колледж»атты көрме ұйымдастырылған.Сонымен қатар «Энциклопедиялар»,»Тарихи тұлғалар», «Анықтамадықтар»,»Салт- дәстүр», «Сөздіктер», «Көркем әдебиеттер» тақырыбында сөрелер жаңғыртылып, көрмелермен студенттер жете танысты.

Осы орайда студенттердің ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында колледждің жазылған мерзімді басылымдарын кеңінен насихаттады. 

Шара соңында кітапханашылар студенттер үшін кітапхана есігі әрдайым ашық екені айтылып,тығыз байланыста болуға шақырды.

Колледж Кітапханасы

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *