Колледж студенттерінің арасында шағын футболдан жарыс

2022 жылғы 10-14 қазан аралығында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің спорт алаңында колледж студенттерінің спартакиадасы аясында шағын футболдан жарыс өткізілді. Турнирге Ә.Мусин атындағы  гуманитарлық-техникалық колледжі, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі, медициналық колледж, сервис колледжі, көпсалалы колледж және Р.Қошқарбаев атындағы техникалық колледжінің құрама командалары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды Ә.Мусин атындағы гуманитарлық-техникалық колледжінің командасы, 2 орынды «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінің футбол командасы және 3 орынды көпсалалы колледжі командасы иеленді. Турнирде Закиров Диас (Көпсалалы колледж)-Үздік қақпашы, Досмағұлов Мақсат (ПТК)-Үздік қорғаушы және Мұқашев Данияр  (БГТК)-Үздік шабуылшы болып танылды. Барлық жеңімпаз-жүлдегерлер грамоталармен, тиісті дәрежелі медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.

С 10 по 14 октября 2022 года на спортивной площадке физкультурно-оздоровительного комплекса прошли соревнования по мини-футболу в рамках спартакиады студентов колледжей города. В турнире приняли участие сборные команды гуманитарно-технического колледжа им.А.Мусина, политехнического колледжа корпорации «Казахмыс», медицинского и многопрофильного колледжей, технического колледжа им.Р.Кошкарбаева и  колледжа сервиса. По итогам соревнований 1 место завоевала команда гуманитарно-технического колледжа им.А.Мусина, на 2 месте-футболисты политехнического колледжа корпорации «Казахмыс» и 3 место–у ребят из команды многопрофильного колледжа. Лучшим вратарем турнира признан Диас Закиров  (БМК), лучшим защитником–Максат Досмагулов  (ПТК), а лучшим нападающим стал  Данияр Мукашев (БГТК). Все команды-победители и призеры турнира были награждены медалями, грамотами и призами.

(Мәтін/Текст: https://www.instagram.com/balkhashtilmadeniet/)

Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы: Камбаров К.С.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *