Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Балбұлақ» клуб отырысы

2024 жылдың 23-ші ақпанында «Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалықколледжінде» Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған

«Балбұлақ» клуб отырысы өтті. 

Отырыстың мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.

М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.

Отырысты  «Балбұлақ» клуб жетекшісі Гүлназ Ернатбековна алғысөзімен ашып берді. «Балбұлақ» клуб төреағасы Түсенов Нұрдос студенттерге Мұқағали Мақатаев жайлы деректерді айтып,отырысты басқарды.Отырыс барысында ШК-23-9 тобының студенттері:

Сабырқызы Мерей Мұқағали Мақатаев шығармашылығына жазылған баяндамасымен таныстырса, Қуатжан Аяулым «Ей, өмір» , Қуанышбек Айзада «Тілегім қайда менің көкке өрлеген», Талғатқызы Меруерт «Отан туралы», Кусылбекова Аяжан «Бүгін менің туған күнім…», ШК-22-9 тобы суденттері Түгелбек Жанерке «Поэзия сен менімен егізбе едің?», Султанмухамутқызы Айжан «Майгүлге» атты ақын шағармашылығынан өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар отырыс барысында қара өлеңнен қаймақ қалқыған қарапайым ақынның тірі кезінде түсіріліп алынған кадрлар көрсетілді. Өлеңін бәріне түсінікті тілде жеткізген таңғажайып ақын жайлы сұрақтар қойылды. Ақын өлеңіне жазылған әндеріде шырқалды. Отырыс аяғында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зейнегул Ахметбаевна «Балбұлақ» клуб жетекшісі мен төреағасына және де барлық қатысқан студенттерге өз ризашылығын білдірді. 

Мұқағали-мәңгілік өмір! Ақын мұрасы, маржан поэзиясы-мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі,қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. 

Клуб жетекшісі: Дукенбаева Гүлназ Ернатбековна 

Төрағасы: Түсенов Нұрдос

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *