«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту » пән әдістемелік бірлестігінің ашық тәжірибе күні

2023 жылы 23 ақпан күні «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту » пән әдістемелік бірлестігінің ашық тәжірибе күні өтті. Балқаш қаласының КМҚК «Балақай» бөбекжайында мектепалды даярлық топтарында Тулегенова Аруна «Математика негіздері», Сералыева Ақбота «Қоршаған ортамен таныстыру», ересек топтарында Базулханова Жадыра «Сурет салу», Қонысбай Айнұр «Көркем әдебиет» ұйымдастырылған оқу-қызметтерін және Сулембекова Толғанай, Абзалбекова  Аяулым «Көңілді тапқырлар» тақырыбында ойын-сауық өткізді. Оқу-қызметтерін өткізу барысында студенттер әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білді. Ашық оқу қызметін жүргізу барысында студенттер ұстамдылығы мен шеберлігін көрсете білді. Тақырып мазмұны толық ашылды. Тапсырмалар тақырып мазмұнына сай, жақсы ойластырылған. Балалардың қызығушылығын арттыра білді. Ашық сабақтар жоғарғы деңгейде өтті. Тәжірибе жетекшілері: Оразхан Н.Т., Сыйырбаева З.А., Аралбаева Б.Т., Лекерова Ж.Ж., Канафина А.Б.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» пән әдістемелік бірлестігінің  төрайымы: Оразхан Н.Т.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *