«Менің денсаулығым өз қолымда»

Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Содан соң  өзіміз ауада жайылып жүре береміз. Сөйтіп бір күні  арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. «Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.       Қазіргі уақыттағы әлеуметтік — экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. 
Мақсаты: «Студенттердің салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру барысында зиянды заттар мен әдеттердің ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру. Денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу.

Нысанкулов Амантай Калиевич



Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *