“Оқуға құштар колледж”

2023 жылдың 17 қараша күні ТТ-23-9 топ студенттері топ жетекшісі М.Н. Сагимбекованың жетекшілігімен “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтың 120 жылдығына қарсы “Бір колледж — бір кітап” акциясы колледж кітапханасында өткізілді.

Акцияның негізгі мақсаты — халық әдебиетін насихаттау, тарихи мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу. Қазақтың әдеби-шығармашылық мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты арттыру, сонымен қатар жас ұрпақты интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.

Акция барысында Әбілхан Қастеевтың өмірбаяны, мұражайы және белгілі 10 суреті талқыланды.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *